ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ

Авторы

  • О.Х. Мухатова Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова

DOI:

https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_78-91

Ключевые слова:

личный архивный фонд, Халифа Алтай, биография, переселение, Индия, Пакистан, Турция, родной край, Коран, воспоминания, духовная жизнь

Аннотация

Мақалада белгілі ғалым түркітанушы, теолог, жазушы, аудармашы, этнограф
Халифа Алтайдың өмірі мен қызметі баяндалады. Алматы қаласы мемлекеттік архивінде сақтаулы
жеке 284-қор құжаттары бойынша Халифа Ғақыпұлының дүниеге келуі, өскен ортасы, ата-анасы,
білім алуы талданады. Кеңес өкіметінің озбыр саясатынан жан сақтау мақсатында Қытайға бет
түзеген қазақтар, соның ішінде Халифаның отбасы туралы айтылады. Халифаның Үндістанға
көшкен қазақтардың қасіреті туралы жазғандары көрсетіледі. Х. Алтайдың анасымен Үндістан,
Пәкістан жерлерінде 12 жыл тұруы, одан әрі Түркияға қоныс аударуы архив құжаттары негізінде
сипатталады. Түркиядағы кәсібі, ата жұрттан ауғаннан кейінгі басынан өткендерін, көріп-
білгендерін қағазға түсіріп, кітап жазуы, діни кітаптарды қазақ тіліне аударуы баян етіледі. Жеті
тілді жетік меңгерген, үш рет Меккеге барған, ірі діни орталықтармен байланысын күшейткен
абыздың ірі қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілуі, ислам діні білгірлерінің бірі атануы, Құран
кәрімді тұңғыш рет қазақ тіліне аударуы тарихи деректер бойынша көрсетіледі. Х. Алтайдың туған
жеріне оралуы, Елбасының қабылдауында болуы, Қазақстан Республикасының азаматы атануы,
отбасы, елдегі тұрмыс-тіршілігі сипатталады. Ғалымның жариялаған еңбектері, естеліктері
талданады.

Загрузки

Опубликован

2021-09-15

Как цитировать

Мухатова, О. (2021). ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ. Электронный научный журнал «edu.e-history.Kz», 8(3), 78–91. https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_78-91

Выпуск

Раздел

Статьи