МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН

Авторы

  • А.К. Бакир Кызылординский университет имени Коркыт Ата
  • С.Т. Тайман Кызылординский университет имени Коркыт Ата
  • С.Т. Жарбулова Кызылординский университет имени Коркыт Ата

DOI:

https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_92-103

Ключевые слова:

Букейхан, Шокай, Ташкент, Санкт-Петербург, Туркестан, Алаш, освободительное движение, автономия, эмиграция

Аннотация

Мақалада Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуындағы Алаш
ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның тәлімгерлік рөлі қарастырылған.
Алаштың болашақ екі алыбының өмірі мен саяси қызметінде ұқсас жайлар да аз емес. Мұстафа
Шоқай - Торғай датқаның немересі, Шоқай би-болыстың перзенті, Әлихан Бөкейхан - Шыңғыс
ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Екеуі де сол кездегі молда оқуына
қанағаттанбай, үш кластық мектептерде оқып, кейін бірі Ташкенттегі гимназияны тауысса, екіншісі
Қарқаралы уезіндегі техникалық училищені бітіреді. Мұстафа Шоқай 1914 жылы Санкт-Петербург
Императорлық университетінің заң факультетін аяқтаса, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Санкт-
Петербург Императорлық орман техникалық институтының экономика факультетін тамамдаған.
Сонымен қатар бас-аяғы 6-7 жылға созылған Ресейдің орталығындағы оқуы, осындағы қоғамдық-
саяси жағдай, орыс демократтары және түркі тектес ұлт өкілдерімен қарым-қатынасқа түсуі,
әсіресе, Әлихан Бөкейханның ұсынысымен Мемлекеттік Думаның Мұсылмандар фракциясы
делегациясының аудармашысы, хатшысы және маман-зерттеушісі ретінде Түркістан өлкесіне
сапары, кейін осы фракцияның кеңесші бюросында қызмет атқаруы Мұстафа Шоқайдың әлемге
танылған тұлға деңгейіне көтерілуінің саяси-әлеуметтік негіз болды. Екі қайраткер де саналы бар
өмірін, ақыл-парасатын, қажыр-қайратын ұлт тәуелсіздігі жолында күреске арнады. Екеуі де саяси
күресте қатар жүріп, бірін-бірі қастерледі, олардың есімдері, қалдырған мұралары бүгінде тарихта
өлшеусіз орны бар құндылықтар болып есептеледі.

Загрузки

Опубликован

2021-09-15

Как цитировать

Бакир, Ә., Тайман, С., & Жарбулова, С. (2021). МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН. Электронный научный журнал «edu.e-history.Kz», 8(3), 92–103. https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_92-103

Выпуск

Раздел

Статьи