МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ҰЛТТЫҚ ӨКІЛДЕРДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ҮШІН ЖҮРГІЗГЕН КҮРЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.51943/2710-3994_2021_27_3_177-187Ключевые слова:
эмиграция, политические взгляды, автономия, большевик, Туркестан, общественная мысль, революционер, СтамбулАннотация
Мақала көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының
жетекшісі Мұстафа Шоқай бастаған шетелдегі ұлттық саяси өкілдердің тәуелсіздік үшін жүргізген
күресі мәселесіне арналған. Олардың ішінде қазақ халқының тұтастығы және тәуелсіз
мемлекеттілігі үшін күресі, ұлттық интеллигенция өкілдерінің жүргізген қызметтерін
қарастырылған. Мұстафа Шоқайдың эмиграция кезіндегі қызметі және тәуелсіздік идеясының
большевиктерге қарсы мақсаттары анықталған. Кеңестік кезеңде ұлттық зиялы қауым өкілдерінің
түркі халықтарының ортақ мүдделерінің бірлігін жақтап, саяси қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы
баяндалған. Сонымен бірге эмиграциядағы түрік интеллигенцияларының ұлттық идеялары,
шығармалары талданған. Олардың қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларында үстемдік еткен
авторитарлық большевиктік режимге және оның жүргізіп отырған қатыгез саясатына қарсы
шыққандығы туралы тұжырым жасалған.