ЕСІМ ЖӘНЕ ТҰРСЫН ХАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ТАЛАС-ТАРТЫСТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.51943/2710-3994_2022_30_2_221-233Ключевые слова:
Казахское ханство, Есим хан, Турсын хан, шежире, устная история, противостояниеАннотация
Возрастание значения устной истории и народных источников, (особенно
шежире в отечественной историографии) – одна из важных тенденций развития исторической
науки. В последние годы данные шежире превратились в число активных источников, способных
дать интересные факты по средневековой истории Казахстана. Использование их открывает новые
горизонты по истории Казахского ханства. Объектом исследования является политическое и
военное противостояние Есим хана и Турсун хана в 1626-1627/28 годах. Предметом исследования
были избраны основные направления внутренней политики и военных действий Турсун хана в
войне против Есим хана в процессе ее начала и развития как составной части отечественной
ISSN 2710-3994 «edu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы № 2 (30) 2022 https://edu.e-history.kz
222
военной трагедии. Этим же определяются и хронологические рамки исследования, в которых
концентрируется внимание на наиболее насыщенных событий в первой четверти ХVІІ века.
Казахское шежире, а также устная история глубоко и остро сохранили последствия междусобной
войны. Особенно ужасы войны того периода испытывали дулаты, катаганы и другие племена,
понесшие большие человеческие жертвы и материальные затраты. Материалы шежире и устная
история племени дулат (род шуылдак) в народной памяти сохранили некоторые интриги, тайные
сговоры и коварные поступки Турсун хана. Впоследствии, видимо, они стали некоторыми
причинами разрыва взаимоотношений двух правителей. Вопросы, анализируемые в статье,
являются малоизученными и практически до настоящего времени не получили комплексной
разработки в отечественной научной литературе.
Скачивания
Библиографические ссылки
Abduraimov M.A. Oсherki agrarnıch otnoshcenii v Buharskom hanstve v XVI - pervoy polovine XIX veka [Essays on agrarian relations in the Bukhara Khanate in the 16th - first half of the 19th century]. – Tashkent: Fan, 1966. – T.1. – 369 p. [in Russian].
Argynbaev Kh., Muqanov M., Vostrov V. Kazak shezhiresi xakinda: Uli zhuzdin shezhiresi [About the Kazakh shezhire: Shezhire of the Senior Zhuz]. – Almaty: Atamura, 2000. – 204 b. [in Kazakh].
Ai, zaman-ai, zaman-ai... [Aі, zaman-aі, zaman-aі...]. (Bes qasyr zhyrlaidy). 2-tomduk. – T.1. – Almaty: Kazakh SSR Baspasoz zhonindegi Memlekettyk committee bass editorial board RBB, 1991. – 880 b. [in Kazakh].
Artykbaev Zh.O. Materіalı k іstorіі pravyashchego doma kazahov [Materials on the history of the ruling house of the Kazakhs]. – Almaty: Gylym, 2001. – 204 b. [in Russian].
Abilgazy. Turk shezhiresi [Turkish Chronicle] / Kone turik tilinen aud. B. Abilkasymov. – Almaty: Ana tili, 1991. – 208 p. [in Kazakh].
Abuseyitova M.K. XVII gasırdın basındagı sayasi jagday. Talas-tartystar. Buxara handgymen цzara qarym-qatynastar. [The political situation in the early seventeenth century. Disputes. Relations with the Bukhara Khanate]. Kazahkstan tarihy (kone zamannan buginge deiin). Bes tomdyq. – T.II. – Almaty: Atamura, 1998. – B. 425-428. [in Kazakh].
Istoriya Kazakhstana v persidskikh istochnikakh [History of Kazakhstan in Persian sources] T.2. – Almaty: Diyke Press, 2005. – 692 p. [in Russian].
Istochnikovedeniye istorii Ulusa Dzhuchi (Zolotoy Ordy). Ot Kalki do Astrakhani. 1223-1556. [Source of the history of Ulus Juchi (Golden Horde). From Kalkа to Astrakhan. 1223-1556]. – Kazan: Institut istorii AN RT, 2001. – 428 p. [in Russian].
Dalanun dara dilmarlary [Individual steppe speakers]. – Almaty: JŞS «Qazaqstan» baspa ьyi, 2001. – 592 p. [in Kazakh].
Duisenbaiulı D.-B. Dos bi urpaktarı (Chuıldak shezhiresi) [Descendants of Dos Bi (Chronicle of Shuyldak)]. – Almatу: KAZakparat, 2001. – 304 b. [in Kazakh].
Klyashtorny S.G, Sultanov T.I. Kazakhstan. Letopis trex tysyacheletiy [Kazakhstan. Chronicle of three millennia]. – Alma-Ata: Rauan, 1992. – 380 p. [in Russian].
Kopeev M.-Zh. Tandamalı [Optional]. Eki tomdıq. – T. 2. – Almaty: Gylym, 1992. – 224 p. [in Kazakh].
Kadyrgali Zhalayir. Shezhireler Zhinagy [Collection of genealogies]. – Almaty. 1997. – 128 p. [in Kazakh].
Kazakh Shezhiresi [Kazakh chronicle]. – Almaty: Atamura, 1994. – 160 p. [in Kazakh].
Karin E. Khan Yesim: v labirintah vlasti [Khan Yesim: In the labyrinths of power]. Pervye lica goswdarstva: polytysheskye portrety (s toзki zreniya istorii i sovremennosti). – Almaty: Kazakhstan Development Institute, 1998. – 368 p. – P.71-81. [in Russian].
Kudaiberdiyuly Shakarim. Turk, qırgız-qazaq ham handar shezhiresi [Chronicles of the Turks, Kyrgyz-Kazakhs and khans]. – Almaty: Kazakhstan, Sana, 1991. – 80 p. [in Kazakh].
Kurbangali Khalid. Tauarikh Hamsa (Bes tarih) [Tauarikh Hamsa (Five Plants)] / Aud. B. Totenaev, A. Zholdasov. – Almaty: Kazakhstan, 1992. – 304 p. [in Kazakh].
Sabdenova G.E. V.V.Veliaminov-Zernov – Kazak handıgının qurıluı tarihın algashki zertteuszhilerdin biri [V.V.Veliaminov-Zernov is one of the first researchers of the history of the Kazakh Khanate]. // KazMU Habarszhusu. Taryh seriesi. – 1998. – №9. – P.101-105. [in Kazakh].
Safargaliev M.G. Raspad Zolotoi Ordy [The fall of the Golden Horde]. – Saransk: Mordovskoye knizhnoye izdatel'stvo, 1960. – 279 p. [in Russian].
Sultanov T.I. Kochevyye plemena Priaralya v XV-XVII vv. (voprosy etnicheskoy i sotsial'noy istorii) [Nomadic tribes of Priaralya in the XV-XVII centuries (questions of ethnic and social history)]. – Moscow: Izdatel'stvo «Nauka», Glavnaya redaktsiya vostochnoy literatury, 1982. – 134 p. [in Russian].
Sultanov T.I. Podnyatyye na beloy koshme. Potomki Chingiz-khana [Raised on a white coshme.
Descendants of Genghis Khan]. – Almaty: Diyke Press, 2001. – 276 p. [in Russian].
Tunyshpaev M. Istoriya kazakhskogo naroda [History of the Kazakh people]. – Almaty: Kazakh University, 1993. – 224 p. [in Russian].
Yudin V.P. «Tarikh-i Sheіbani» kak istochnik po istorii kazakhskogo i karakalpakskogo narodov XVІ-XVII vv. ["Tarikh-i Sheybani" as a source on the history of the Kazakh and Karakalpak peoples of the 16th-17th centuries]. Tezisy dokladov nauchnoі konferentsii professorsko-prepodavatelskogo sostava KazGU. Gumanitarnue nauki. – Alma-Ata, 1971. – S. 23-29. [in Russian]. https://doi.org/10.51943/2710-3994_2022_30_2_249-252 ҒТАМР 03.23.55 СЫН-ПІКІР Нәбижан Мұқаметханұлы. «Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі» кітабына /Ред.: ҚР ҰҒА академигі Х.М. Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы А.И. Құдайбергенова. – Алматы: «Қазақ университеті», 2021. – 250 б.
К.Н. Балтабаева* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Қазақстан, Алматы. *Автор-корреспондент E-mail: kulgazira_777@mail.ru (Балтабаева)
Рецензия «Отандастар қоры» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының «Қазақтардың Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің аумақтарын қоныстану тарихын зерделеу» жобасын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Нәбижан Мұқаметханұлын Қазақстандағы, Қытайдағы, тіптен әлемдегі қазақ диаспорасына таныстырудың қажеті жоқ, тек ғылымға енді ғана келген, тарихқа жаңадан ден қойып жүрен жас зерттеушілер болмаса. Автор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогикалық қызметін атқара жүріп, Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнап жазған «Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі» атты іргелі монографиясын жариялады.
Мұнда ескеретін жайт, бұл еңбек мемлекет қаржыландыратын қандай да бір міндеттелген ғылыми жоба аясында орындалған жұмыс емес, автор өзінің жүрек қалауымен көп жылғы зерттеуінің тұжырымдамасы іспеттес құнды дүние. Одан біз автордың кәсіби тарихшы, қытайтанушы және саясаттанушы ғалым екенін аңғарамыз.
Аталмыш монография бес тараудан құралған. Онда XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап ХХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралықта, қазақ диаспорасының қалыптасуына ықпал еткен негізгі оқиғаларды халықаралық қатынастардағы күрделі өзгерістерге байланыстырып пайымдайды. Зеттеуші бұл тақырып аясындағы өзіне дейінгі ғалымдардың тарихнамасын барынша оқып саралай отырып оң бағасын берген (9-13 бб.). Қазақстандағы Қытай, Моңғолия және Ираннан келген тарихшы, лингвист шығыстанушы қандас (репатрианттардың) ғалымдардың ғылыми еңбектерінің құндылығын жоғары бағалайды. Ал дереккөздерге тоқталғанда, естелік жанрындағы дерек материалдары ретінде пайдалану барысында, оларды басқада тарихи жазба құжаттармен салыстырып қолданудың қажеттілігін нақты мысалдармен атап көрсетеді. Сондай-ақ «...мемуарлық еңбек жазушылардың тарихқа да, жас ұрпаққа да, өзіне де жауапкершілікпен қарап, көздері көрген, басынан кешкен шындықты ғана жазып қалдырғаны абзал болар еді» (15 б.), - деп ескертеді.
Монографияның «Қазақ халқының бөліну үдерісі» деп аталатын бірінші тарауында, халқымыздың бөліну үдерісінің - еліміздің тағдырын басқа мемлекеттер шешуімен байланыстырып түсіндіреді. Оның себептерін Орталық Азиядағы халықаралық қатынастардағы өзгерістер негізінде қарастырады. XVIII ғасырдың 30-жылдары қазақ қоғамының саяси өміріне Ресейдің отарлық саяси факторының қосылғанын (21 б.), ал 50-жылдары «Шығыс бүйірден Цин империясының қысқан жағдайының қалыптасқанын» (25 б.) атап көрсетіп, қазақ даласының екі империяның таласына түскенін түсіндіреді.
Жұмыстың «Қазақтардың Қытай мемлекеті құрамында қалуы» атты параграфында, қазақтардың Алтай, Тарбағатайдағы және Іледегі атажұртына қалай көшіп барғаны және Цин империясының құрамында қалай қалып қойғаны тарихи құжаттар негізінде талданып көрсетіледі.
Автор Ресей мен қытайлық Цин империясы кезіндегі екі елдің әлеуметтік даму деңгейіндегі айырмашылық мәселесіне талдау жасайды. «Ол кезде патшалық Ресейде капиталистік өндірістің дами бастауына байланысты, оларға шикізат көздері және одан өндірілген өнімдері саудалайтын нарық қажет болды. Сондықтан олар экспанциялық бағытта – Қазақстан, Орталық Азия, одан әрі Үнді мұхитына бет алды. Бұл мақсатын іске асыру үшін орыс үкіметі әскериленген қоғамдық күшті, яғни баукеспе казактарды алға салып пайдалану саясатын қолданды», - дейді.
Ал Цин империясы ертеректе Жоңғар хандығының бақылауында болған қазақ жерлеріне саяси бақылау орнатуды көздеді. Сондықтан олар қазақтардың шығыстағы атажұртына қайта көшіп баруын шектеу саясатын қолданды. Алайда екі ел арасында саяси және экономикалық сауда байланыстарының өрістеуіне байланысты қазақтар шығысқа қарай жылжып көшіп отырды. Тіпті Цин империясының шекара қарауылдарынан өтіп барып қоныстанды. Сонымен Ресей отарындағы қазақтар және Цин империясына тәуелді қазақтар құбылысы қалыптасты. Қытай мен Ресей өздерінің қазақ даласындағы мемлекеттік шекарасын анықтап алу керек болды. 1864 жылдың 7 қазан күні Қытай мен Ресей өкілдері Шәуешек қаласында «Қытай-Ресей батыс-солтүстік шекараны делимитациялау келісіміне» қол койды. Аталмыш Құжат бойынша қазақ жерінің Қытайға тиген бөлігіндегі қазақтар жерімен бірге Қытайға, ал Ресейге тән болған өңірдегі қазақтар тұрған жерімен бірге Ресейдің құрамына енді.
Содан кейін қытайлық ресми құжаттарда жаңа түсініктер қолданысқа енді: «Ресей қазақтары», «Ресейге қараған қазақтар» және «Қытай қазақтары», «Қытайға қараған қазақтар» деген жаңа қоғамдық құбылыс (феномен) қалыптасты. Цин империясы провинцияларды әскериәкімшілік жүйемен басқарған. Іле және Тарбағатай өңірлерінің қазақтары Іле генералгубернаторының басқаруына қарады, ал Алтай өңірі қазақтарды Улиастай генералгубернаторының Қобдадағы уәзіріне басқартады. Алайда қазақтардың дәстүрлі қоғамдық басқару формасы сақталды. «Ақалақшы (Болыс), Мыңбасы, Үкіртай, Гун, Тайжи деген сияқты көптеген тең дәрежелі мансап титулдарын тағайындап, солар арқылы қазақтарға үстемдік жүргізді» (36 б.).
«Шет елдегі қазақтардың өмір сүрген қоғамдық ортасы» деп аталған екінші тарауында, қазақтардың Қытай Республикасы (1912–1949 жж.) кезіндегі қоғамдық жағдайы мен тіршілік тәсілдерін ашып көрсетеді. Содан кейін 1949 жылдан бергі Қытай Халық Республикасындағы қоғамдық өзгерістерді және олардың соңғы 70 жыл ішінде қазақ қауымдарының тағдыр-талайы, мәдениетіндегі дамуы мен тоқырауы тарихи тұрғыдан пайымдалады.
Қытайдағы қазақтардың жан санының өсуіне Қазақстаннан барған босқындардың үлкен ықпалы болғаны да пайымдалады: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қатысушылары және олардың отбасы мүшелері; Кеңес үкіметіндегі 1920–30 жылдардағы саяси жағдай, аштық пен саяси қуғын-сүргіннен бойтасалағандар қосылды. Бұл босқындардың келуімен Қытайдағы қазақ қауымының саны артып қана қоймай, олардың сапасы да өзгерді, - дейді. Соның нәтижесінде Қытайда тұрып жатқан қазақтар екі түрлі топтан құралады: басым көп бөлігі – кезінде шекара делимитациялаудан бұрын атажұртында барып орныққандар, яғни өздерін байырғы атажұртында отырмыз деп санайтындар; екінші топты құрайтындар - Кеңес Одағы кезінде түрлі себептермен ауып барғандар.
Автор архив құжаттарына сүйене отырып, Қытайдағы қазақтардың өмір сүрген қоғамдық ортасын тұжырымдап сипаттайды. Сондай-ақ Моңғолия жеріндегі қазақтар - ХІХ ғасырдың соңғы жартысында Қытайдың Алтай аймағынан көшіп барған Абақ-керей тайпалары және ХХ ғасырдың басында Шығыс Қазақстанның Марқакөл мен Зайсан аудандарынан босып барған Наймандардан қауымдасқан. Олардың Моңғол мемлекет құрамына қабылдану барысы ұзаққа созылғанын пайымдайды. Екінші тараудың екі параграфы Моңғолиядағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық ортасы және әлеуметтік дамуына арналған (40 б.). Оларды қазақтардан шыққан бір гун мен 15 үкірдай басқарды. Моңғолиядағы қазақтардың жайылымдық жерлерінің кеңдігі мен өміршең рухы олардың моңғол далаларында сақталып қалуы мен дамуына негіз болды. Ал Моңғол мемлекетінің дербестігі ондағы қазақтардың азаматтық алуына және әлеуметтік саяси істерге қатысуына алғышарт әзірледі деп тұжырымдайды автор.
Н. Мұқаметханұлы Қытайдағы қазақ босқындарының күрделі мәселелеріне ерекше мән беріп, оларға «Қазақтардың алыс шетелдерге босып кетуі» деген жеке параграф арнайды.
Автор Алтай аймағы қазақтарының ішкі көшіп-қонуының негізгі бес себептерін анықтайды, яғни олардың шығысқа үдере көшуі және Шэн Шицай губернаторының зұлымдық саясатының салдары, оның Кеңес Одағының қолдауымен жүргізген тағылық саясаты екенін талдап көрсетеді. 1940-шы жылдары Қытайдағы қазақ қауымының саны азайды, өйткені саяси өзгерістерге байланысты және Шыңжандағы қозғалыстарға орай қазақтардың елден шеттеп, тіпті шөл басып, тау асып алыс шетелдерге босып кеткен-ді.
Қытайдың оңтүстік батысынан Кашмирге өтіп барған босқын қазақтарды, 1953 жылы Түркия Республикасы қабылдайды. Автор Түркияның бауырлас халықтың тағдырына көрсеткен көмегін жоғары бағалайды. Түркия елі 3000-ға жуық қазақ босқындарды қабылдаған еді, олардың жан саны өсіп ХХ ғасырдың 80-ші жылдары 11 690 адамға жетті (60, 62 бб.). Қазақтар жаңа ортада еркіндікке қол жеткізе отырып өздерінің құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартты. Олардың біршамасы Еуропаға еңбек миграциясы ретінде қоныс аударып Франция, Германия, Ұлыбритания, Норвегия және т.б. елдерде тұрақтады. Еуропадағы қазақтардың жалпы санын, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстаннан барған қазақтарды қосқанда жалпы саны 10 000 адам шамасында деп есептейді. «Бірақ заман өте келе олардың ұрпақтары қазақы болмысынан, ұлттық сана-сезімінен, ұлттық құндылықтардан айырылып бара жатқанын жасыра алмаймыз және ол үдерісті тоқтата да алмаймыз» деп үлкен өкінішпен тұжырым жасайды (63 б.).
ІІІ-тарау «Қазақ халқының ортақ ұлттық санасы» деп аталған, бұл бөлімде маңызды пәнаралық мәселелер қамтылған: «Қазақ халқында ұлттық ішкі бірліктің сақталуы», «Қазақы сананың әлеуметтік және рухани әлеуеті», «Қазақтардың ұлттық бауырмалдығы және мәдени байланыстары», «Қазақтардың саяси жатсынуы және этникалық танымы» деген тақырыптарды терең тарқатып сипаттайды.
ІV-тарау «Тәуелсіздік және қазақ халқының жаңаша тұтастану үдерісі» деп аталады. Мұнда зерттеуші Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің арқасында қазақ халқының жаңа форматтағы біртұтастану үдерісін пайымдайды. Автордың пайымы бойынша, Қазақстандағы ұлттық бірегейлену үдерісінің дамуы – әлемнің төрт бұрышында жүрген қазақтарда ортақ ұлттық санасының болуына байланысты өрістеген. Шетелдерде өмір сүріп жатқан этникалық қазақтар, «бөтен» саяси мәдениеттің ықпалында ұшыраса да, олардағы қазақы сана-сезім оларды тарихи отаны - Қазақстанға «жұмсақ» оралуына ықпал етеді.
ХХ ғасырда қазақ халқы негізінен социалистік жүйедегі қоғамда өмір сүрді. Оларды мемлекеттік әкімшілік шекаралар бөліп тұрғанына қарамастан, қоғамдық-гуманитарлық ортадағы уақыт пен кеңістіктегі өздеріне ғана тән қасиеттерін сақтап қалды. Қытай, Моңғолия мен Қазақстан қазақтарының арасындағы халықтық коммуникация жалпы ұлттық сана-сезім мен құндылықтар талғамын сақтауға ықпал етті. Сондықтан да тәуелсіздік жағдайында шетелдердегі қазақтар Отанға оралып, жаңа тарихи дәуірде тұтастануға ойысты деп санайды автор. Сондай-ақ ол бүкіл ұлт болып, ел болып біртұтастанғанда ғана Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қамтамасыз етеді деп тұжырымдайды.
Автор осы көзқарасын дәйектей түсу үшін монографиясының V тарауын «Қандастар және Мәңгілік ел болу» тақырыбына арнапты. Өте орынды. Бұл тарауда қандастардың (репатрианттардың) елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани жаңғыруындағы атқарып отырған қызметін нақты мысалдармен айқын көрсеткен. Еліміздің демографиялық әлеуетінің артуына, бизнес кәсіпкерліктің дамуына, мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне, отандық ғылым, білім беру саласы мен медицина-денсаулық қорғау істеріне қосқан қомақты үлестері нанымды пайымдаған.
Ғалым осы бір монаграфиясын жазарда жалпыәлемдік зерттеу әдістерін органикалық түрде қолданған: жүйелі талдау, синтез, дедукция, индукция статистикалық салыстыру және тарихи культурология т.б. Салыстырмалы-сәйкестік және мәселелік-хронологиялық әдістер хронологиясы аясында, алайда ол түрлі өңірлер, елдер мен жағдаяттағы тарихи құбылыстардың жалпылығы мен даралығын анықтауға мүмкіндік берген. Біз бұл жерде тек тарихи ілімнің кеңеюін ғана емес, сонымен бірге жаңа әдістемелік тәсілдерді көріп отырмыз, – қазақ халқының тарихындағы тағдыршешті мәселелерді көтеру арқылы оның егемен Қазақстан тұрғысынан біртұтастығы мен бірегейлік заңдылығы ашылған.
Пәнаралық зерттеу нәтижесін автор «Қорытынды» бөлімінде егжей-тегжейлі пайымдаған.
Монографияда «Пайдаланылған деректер тізімі», «Белгілер мен қысқартулар тізімі» берілген.
Аңдатпа ағылшын және орыс тілдерінде, мазмұны – үш тілде жазылған.
Автор өзінің монографиясына эпиграф ретінде ұлы Абай Құнанбаевтың сөздерін берген: «Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос».
Шындығында, Абай өсиеті бүгінгі әрқайсымызға, бүкіл қазақ әлеміне арналған ғой. Өсиетті орындау біздің парызымыз! Оқырмандардың назарына ұсынып отырған Н. Мұқаметханұлының монографиясында қазақ халқының бірлігі, ұлттық біртұтастығы мен бірегейлену үдерісі сынды аса маңызды тақырыптар зерделенген. Еңбектің ғылыми құндылығы, практикалық маңызы да осында деп санаймыз.
Еліміздің мызғымас іргетасы да ұлттық бірлікте.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 6 наурызында № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020–2030 жылдарға арналған сыртқы саясаты Тұжырымдамасынының адам құқығы, гуманитарлық дипломатия саласында «шетелдегі қазақ қауымы шоғырлы тұратын жерлерде қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға, олардың тарихи отанымен байланысын, соның ішінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар» Қоры арқылы қолдау» атап көрсетілген. Сондықтан мемлекетіміздің шетелдердегі этникалық қазақтармен байланысы дами түседі, дәстүрге айналған қандастардың көші-қоны жаңа Қазақстан жағдайында өз жалғасын табады деп сенеміз.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
- Аннотация 2299
- PDF (Қазақ тілі) 575




