Журнал туралы

«edu.e-history.kz» халықаралық электрондық ғылыми журналы 2014 жылдан
шығарылады

Құрылтайшысы және баспагері: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ШЖҚ РМК

Халықаралық «еdu.e-history.kz» электрондық ғылыми журналы (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркелген, тіркеу туралы куәлік: 29.10.2014 ж. № 14602-ИА) — Қазақстандағы алғашқы тіркелген электрондық ғылыми басылым. ҚР Мемлекеттік хатшы М.М. Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде тарихи білімді насихаттап, таратуға қазіргі инфокоммуникациялық технологияны ғылыми мәнде пайдалануды одан әрі белсендіруді және соның негізінде жаңа зерттеу танымын, гуманитарлық білімнің сандық (digital humanities) жаңа тәсілін қалыптастыруды және желілік технологияларды ұлттық тарихты неғұрлым танымал етуді, сонымен қатар Қазақстан тарих ғылымының жаңа парадигмаларын жасаудың құралы ретінде пайдалануды қарастырады.

Журналда тарих ғылымының келесі бағыттары бойынша ғылыми жұмыстар
жарияланады: тарих (дүниежүзі және Қазақстан тарихы), деректану және
тарихнама, археология, этнология, антропология.

Ғылыми журнал Қазақстандық гуманитарлық ғалымдардың әлемдік тарихи ғылыми қоғамдастықпен ықпалдасуы мен өзара іс-қимылына арналған алаң, ғалымдарға Ғаламдық цифрлық кеңістіктегі инфокоммуникацияның заманауи құралдары арқылы ғылыми ізденістердің нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік беретін ғылыми ақпарат алмасу арнасы болып табылады. Басылымның мазмұны дүниежүзілік тарих, оның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия, көрші мемлекеттер тарихына қызығушылық танытатын зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге бағытталған.

Журналдың редакциялық саясаты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың тарихи және сабақтас зерттеулер саласындағы жаңа әзірлемелерінің нәтижелерін танымал етуге, сарапшылар мен жас ғалымдар тарапынан жарияланым қызметін өзектендіруге бағытталған.

Журналдың мақсаты – ашық ғылыми пікірталас үшін, оның ішінде шетелдік зерттеушілермен ашық ғылыми пікірталас үшін Интернет желісінде жалпыға қолжетімді жағдай жасау; кәсіби тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелері мен жаңа әдістемелерді, пәнаралық тәсілдерді таратуға ықпал ету; дүниежүзілік тарих пен мемлекет және қоғам тарихы, олардың ішінде Қазақстан мен Орталық Азияның, гуманитарлық ғылымдардың тарихына қызығушылық танытатын беделді ғалымдарды, докторанттарды, ізденушілерді ғылыми нәтижелерін жариялауға ынталандыру.

Журналдың міндеттері: «Еdu.e-history.kz» журналы зияткерлік қоғамды электрондық форматта Орталық Азия өңірі мен әлемді, халықтар мен діндерді, мемлекеттер мен қауымдастықтарды, ұлттардың мәдени мұрасын зерттеудегі жетістіктер және жаңалықтармен таныстырады. Басылым дәстүрлерді сақтауға және жас ғалымдарды қолдауға, гуманитарлық ғылымдардың жаңа тұжырымдамалары мен пәнаралық зерттеулерін ілгерілетуге, журнал беттерінде ғылымдағы түпнұсқа олжалар мен тұжырымдамалық тәсілдерді көрсетуге бағытталған.

Ғылыми журнал сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі ISSN Халықаралық орталығында (Париж қ., Франция), ISSN 2710-3994 тіркелген. Журнал мен жарияланған мақалаларға DOI объектісінің сандық сәйкестендіргіші беріледі (баспа префиксі: DOI.10.51943).

Ғылыми журнал РҒДИ-да (РИНЦ Российский индекс научного цитирования, келісімшарт) тіркелген. Ғылыми журналдың электрондық нұсқасы eLIBRARY.RU сайтында РҒДИ (РИНЦ) ғылыми электрондық кітапханасында еркін қолжетімді түрде орналастырылады.

Сонымен қатар, журнал ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті мақұлдаған ғылыми басылымдар тізбесіне енген (30.10.2014 ж. № 1627; тізбеге енген мерзімі: қыркүйек, 2021 жыл. 26.06.2022 ж. № 290 бұйрық.)

Журнал ГОСТ 7.5-98 және ГОСТ 7.1-2003 бойынша мақалаларды рәсімдеуі негізгі баспа стандарттарына сәйкес келеді.

Мақалалардың түпнұсқалығын тексеру «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесі арқылы, компаниямен келісімшарт негізінде жасалады.

Журнал қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.

Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет (электронды форматта).
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Редакцияның мекен-жайы:
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко, 28. ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ШЖҚ РМК
тел.: +7 (727) 261-67-19, +7 (727) 272-47-59
E-mail: edu.history@bk.ru.
Журналдың сайты: https://edu.e-history.kz