Авторлар назарына
Құрметті авторлар!
«Edu.e-history.kz» ғылыми журналының редакциясы бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелерді, қорытындыларды, ұсыныстарды қамтитын ғылыми мақалалардың авторлық қолжазбаларын басып шығаруға қабылдайды.
Ғылыми мақала журналдың мақсаты мен тақырыптық бағытына сәйкес келуі керек.
Барлық мақалалар көпшілікке қол жетімді және оларды редакция мен автордың алдын-ала рұқсатынсыз оқуға болады. Журнал материалдарын коммерциялық пайдалануға тыйым салынады.
Қолжазбалардың көп түсуіне байланысты оларды қарау және рецензиялау жиілігі бір айдан алты айға дейін созылуы мүмкін.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес мақала жариялау құны (2025 жылғы қаңтар айы) 40 000 теңгені құрайды. Төлем мекеменің деректемелеріне сәйкес тек банк жүйесі арқылы жүзеге асырылады! Жариялау үшін төлем "Банк Центр Кредит" АҚ арқылы деректемелер бойынша жүргізіледі:
Банк реквизиттері:
ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ШЖҚ РМК
БИН 990340002982
КБЕ 16
ИИК KZ 318 560 000 000 081 691 АО «БанкЦентрКредит»
БИК KCJBKZKX
Заңды мекен-жайы: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28
Тел. 261-67-19 Факс 272-69-72
Мақаланың құны банктың комиссиясынсыз 20 000 (жиырма мың) теңге.
ЕСКЕРТУ!
Мақала жарнасы қолма қол немесе Каспи аударымдары негізінде қабылданбайды.
ҚР ҒЖБМ ҒЖБССБҚ талаптарына сәйкес ғылыми мақалада төмендегі мәселелер қамтылуы керек:
1. Мәселені баяндау және оны зерттеудің өзектілігін анықтау;
2. Осы мақалада көтерілген жалпы мәселенің бұрын шешілмеген бөліктерін көрсете отырып, соңғы зерттеулер мен жарияланымдарды талдау;
3. Зерттеудің теориялық негіздері, әдіснамасы және эмпирикалық базасының сипаттамалары;
4. Өз қорытындыларын және ғылыми зерттеудің аралық немесе қорытынды нәтижелерін баяндау;
5. Зерттеу нәтижелерін пайдаланудың қорытындылары мен мүмкіндіктері
«Edu.e-history.kz» журналында материалдарды жариялау open Journal System, онлайн-беру және рецензиялау жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Мақаланы жіберу журнал сайтына МІНДЕТТІ ТҮРДЕ электрондық форматта (.doc, .docx, .rtf) жүктеу арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін авторлар "Материалдарды жіберу" бөлімінде тіркелуі керек.
Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін Ілеспе хат ұсынуға міндетті.
Журналдың немесе редакторлардың e-mail поштасына жіберілген мақалалар қолжазбалары қабылданбайды.
Редакцияға келіп түскеннен кейін мақала журналдың бағыты мен техникалық рәсімдеу талаптарына сәйкестігіне, плагиатқа қарсы тексеруден және екі реттік жасырын рецензиялау рәсімінен өтеді.
Ғылыми мақаланың бірегейлігі плагиатқа қарсы «strikeplagiarism» жүйесінде, оның ішінде халықаралық деректер базасында алдын ала тексеру арқылы анықталады (жұмыстың бірегейлігі кемінде 75% болуы керек). Осы көрсеткіштен аса алмаған мақалалар авторға қайта қарау үшін қайтарылады. Редакцияға келіп түскен сәттен бастап, ескертулерді түзетуге жіберіліп, қайтадан келгеннен кейін жұмыс антиплагиат бағдарламасында екі реттен артық тексерілмейді. Қайта тексеру нәтижесінде плагиат және ғылыми этиканың басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда мақала тиісті жазбаша анықтамасымен бірге авторға қайтарылады, жұмыс жарияланбайды.
Қанағаттанарлық нәтиже болған жағдайда ғана (75% бірегейлік және одан жоғары) мақалалар рецензиялауға беріледі. Техникалық тексеру, рецензиялау нәтижелері бойынша мақала қабылданбауы, авторларға пысықтауға жіберілуі немесе жариялауға қабылдануы мүмкін.
Оң рецензия алған кезде редакция авторларға мақаланы жариялауға қабылдағаны туралы, сондай-ақ рецензенттер мен редакторлардың ескертулерін хабарлайды, оларға сәйкес мақаланы түзетіп, толықтыру қажеттігі ескертіледі. Мақаланы жариялаудан бас тартқан жағдайда редакция авторға тиісті дәлелдерді келтіре хат жолдайды.
Автор мақалаларды түзету, плагиатқа тексеру, рецензиялау, компьютерлік беттеу кездерінде журнал сайтындағы профилі арқылы онлайн сұратып, кері қайтарып алу мүмкіндігі бар. Редакция автордың сұрау салуы бойынша мақалада жарияланған мәліметтерге түзетулер, кешірім сұраулар, теріске шығаруларды жариялауды журналдың кейінгі нөмірлерінде, әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралғаннан кейін жүзеге асырады.
Редакция әр мақалаға DOI (Digital Object Identifier) – құжаттың сандық сәйкестендіргішін тіркейді. DOI сілтемесі әрқашан қажетті құжатты тіпті егер ол бұрын болған сайт кейінірек өзгертілген жағдайда да табуға көмектеседі.
Авторлар келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, статистикалық, әлеуметтік және басқа да деректерді, жеке және географиялық атауларды, басқа да мәліметтерді таңдауға және олардың дұрыстығына жауап береді.
Редакция редакциялық түзету енгізу құқығын өзінде қалдырады. Редакция материалдарды автордың көзқарасымен келіспей жариялай алады (пікірталас мақсатымен). Редакция қолжазбаны жариялау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.